Әмір Қасымбекұлы Халықов (30 қаңтар 1964, Урицкий ауылы, Қостанай облысы, Қазақ КСР) — әскери қайраткер, генерал-лейтенант.

Ол Қазақстан Қарулы Күштерінің генерал-майоры Дамир Қасымбекұлы Халықовтың інісі болып келеді.

Өмірбаяны 1979 жылы Алматы қаласындағы № 52 орта мектепті, 1981 жылы Суворов әскери училищесін (Ресей, Свердлов қаласы), 1985 жылы Челябинск жоғары танк училищесін, 1996 жылы Мәскеудегі Малиновский атындағы әскери академияны бітірген. 1985-91 жылдары ГДР-дағы (Шығыс Германия) КА әскери бөлімінде взвод, рота командирі, 1991-92 жылдары ҚР ҚМ танк батольоны (Сарыозек) командирінін орынбасары, 1992-96 жылдары танк батальоны (Алматы) командирі, 1996-99 жылдары мотоатқыштар бригадасының (Үшарал) командирі, 1999- 2000 жылдары ҚР ҚМ дивизия (Сарыөзек) штабының бастығы болды. 2000 жылдан Аягөздегі механикаландырылған дивизияның командирі.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Қостанай облысында туғандар Санат:Қазақстан генерал-лейтенанттары