Хапсалис Александр Антонович , ) — спортшы, футболдан халықаралық дәрежелі спорт шебері.
Өмірбаяны
Карьерасы 1973-75 жылдары "Қайраттың", 1976-82 жылдары Киевтің "Динамо" командасының құрамында ойнады. 1978, 1982-84 жылдары КСРО Кубогінің иегері атанды. 1980-82 жылдары КСРО чемпиондығына қол жеткізді. 1976-85 жылдары КСРО құрама командасының мүшесі болған.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
1973 жылы "Қайраттың" екінші құрамында ойнады. Ұзамай негізгі құрамда ойнай бастады. Негізгі құрамдағы тұңғыш ойынын 1974 жылы 27 мамырда "Заря Ворошилов" клубына қарсы өткізді. Бұл КСРО кубогы матчы болатын. 1975 жылы "Қайрат" сапында КСРО бірінші лигасында ойнады.
1975 жылы Ташкентте халықаралық турнирде үздік мерген атанды да, "Динамо Киев" бапкерлерінің бірі Михаил Ломанның көрсетуімен Валерий Лобановскийдің көзіне түседі. Ұзамай сол клубқа ауысты. 1976 жылы 4 сәуірде киевтіктер сапындағы тұңғы ойынын "Динамо Мәскеуге" қарсы өткізді. Хапсалис кездесудің 68-минутында алаңға шықты.
1983 жылы сол Мәскеудің "Динамосына" ауысты. Кейін Украин КСР-індегі бірнеше клубта доп тепті.
1992 жылы АҚШ-тың "Сан-Диего Соккерс" клубына ауысты. Сол күйі АҚШ-қа тұрақтап қалды.
Ұлттық құрама 1979 жылы КСРО құрамасы сапында екі ойын өткізді. 7 шілдеде ЕУРО-1980 іріктеуінде Финляндияға қарсы ойында бірінші, 14 қазанда Румынияға қарсы жолдастық кездесуде екінші ойынын өткізді. Финляндиямен ойыында бір гол соқты, бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
Жеке өмірі КСРО дәурінде дәрігерлер "жүрегі нашар" деген диагнозбен футбол ойнауына тыйым салды, тіпті "егер біздің ескертуімізді тыңдамай ойнай берсе, бір кінәлі болмаймыз" деген тілхат та жазып бердіhttp://www.kazpravda.kz/index.php?uin=1152085727&chapter=1000051813&act=archive_date&day=18&month=5&year=2002. Бірақ соған қарамастан Хапсалис 1993 жылға дейін доп тепті.
Екі рет үйленген, екі әйелінен төрт перзенті бар.
Қазір Лос Анжелесте футбол мектебі бар, өзі соның қожайыны.
Жетістіктері
КСРО чемпионы (2): 1980, 1981 КСРО кубогы 1978, 1982, 1984 Жаөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионы 1976. Жастар арасындағы Еуропа чемпионы 1980.
Дереккөздер
Сілтемелер
http://www.fc-dynamo.ru/igry/prot.php?id=429
Санат:Алфавит бойынша футболшылар Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Динамо Киев ФК ойыншылары Санат:КСРО футболшылары Санат:КСРО Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Динамо Мәскеу ФК ойыншылары Санат:ЦСКА Киев ФК ойыншылары Санат:Колос ФК ойыншылары