Құрал-саймандар (Шанцевый инструмент) — әскерлердің ұрыс кезінде жеке құрамның ор қазуға, фортификациялық құрылыстар, маневр жолдарын жасауға, көпір құрылысына және бөгеттер жасауға кажетті құралдар. Құрал-саймандар тасылуына байланысты жауынгерлердің пайдалануына қажетті үнемі өздерімен бірге алып жүретін шағын құралдар және әскери көліктік машиналармен алып жүретін көлемді құралдар (үлкен күректер, балта, лом, ара, киркомотыла) болып бөлінеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс