Гүлдала — Алматы облысы Талғар ауданындағы ауыл, Гүлдала ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Талғар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде Іле ойысының әр түрлі астық тұқымдас шөптесін өскен қоңыр топырақты кұрғақ даласында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен53827104 9041 127,3 3439 4384 127,5 3665 4657 127,1
Тарихы Ауыл 1998 жылға дейін "Красное поле" деп аталған. 1977-1997 жылдары көкөніс, сүт өндіретін 24-партсъезд атындағы үжымшардың орталығы болған. Оның негізінде Гүлдалада және округқа қарасты Кіші Байсерке ауылында ЖШС және бірнеше шаруа қожалығы құрылды.
Инфрақұрылымы 2 орта, 1 орталау және 2 бастауыш мектеп, аурухана, отбасылық дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшер пункт бар. Алматы-Шелек-Жаркент-Қорғас автомобиль магистральі өтеді. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Талғар ауданы елді мекендері