Еңбекшіқазақ — Жетісу облысы Көксу ауданы, Лабасы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-дей жерде, Көксу өзенінің аңғарында бетеге, жусан өскен Лабасы тауының етегінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1308935 887 94,9 441 421 95,5 494 466 94,3
Тарихы 1980-97 жылы Ленин атындағы кеңшардың бөлімшесі болды. Оның негізінде мұнда "Еңбекшіқазақ" кәсіпорны, 40-тан аса шаруа қожалығы ұйымдастырылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, дәрігерлік-амбулатория бар. Тұрғындары басқа елді мекеңдермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Көксу ауданы елді мекендері