Қайтпас Шәріпов - ғалым, медициналық ғылым докторі (1992), профессор (1998).
Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.
1967 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген. 1967-75 жылдары А.Сызғанов атындағы ҒЗИ-нда қызмет істеді. Онкология институтына қызметке жіберілді. 1994 жылдан төтенше медициналық көмек көрсететін қызметтің бастығы. 200-ден астам ғылым еңбектің, 10 дәрігерлік ұсыныстың, 2 авторлық куәліктің авторы.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар