Жарас Сәрсек (1968 жылы туған, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылы) — ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (2001). 1985 ж. Сүмбе ауылындағы орта мектепті, 1995 ж. ҚазМУ-ді бітірген. 1996-2000 ж. "Парасат" журналында, 2000-2001 ж. "Жетісу" газетінде жұмыс істеді. 2002 жылдан Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. "Керуен көшіп барады" (1999), "Жүрегімнің ішіндегі жүрегім" (2002) атгы кітаптардың авторы.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер