Ұрыс әрекеттері — 1) қойылған ұрыс тапсырмаларын орындау кезінде қарулы күштердің барлық түрлерінің бөлім, құрама, бірлестіктерінің ұйымдастырылған ісқимылы. Олардың негізгі түрлері — шабуыл және қорғаныс. Ұрыс әрекеттері операция, шайқас, ұрыс және жердегі, әуедегі, теңіздегі соққылар түрінде өткізіледі. Оперативтік-стратегиялық және стратегиялық ауқымдагы ұрыс әрекеттеріне "соғыс әрекеттері" деген термин қолданылады; 2) Қарулы күштер түрлерінің құрамалары мен бірлестіктерінің неғұрлым ауқымды бірлестік құрамында операция шеңберінде (немесе операциялар аралығында) қолданылу нысаны.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс