Азат — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласының батысына қарай 12 км жерде, Азат тауының солтүстік бөктерінде, Іле Алатауының қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемінде жатыр.
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен37105848 4876 83,4 2875 2410 83,8 2973 2466 82,9
Тарихы 1964-1997 жылдары сүт өндіретін Ильич атындағы ұжымшардың орталығы болды. Оның негізінде Азатта 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, мәдениет, денсаулық сақтау, тағы басқа мекемелер бар. Азат арқылы Алматы-Есік автокөлік жолы өтеді.
Дереккөздер
Санат:Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендері