Кәдімгі жұпаргүл () – ерінгүлділер тұқымдасы, жұпаргүл туысына жататын өсімдік. Биіктігі 70 см-дей. Сабақтары төрт қырлы қызын түстес, сыртын түк басқан, бұтақтары тармақтала тік өскен, жапырақтары бір-біріне қарама-қарсы орналасқан, сағақтары ұзын, шеттері бүтін жұмыртқа тәрізді сопақша келген. Жоғары жағынан қарағанда жапырақтары қою жасыл түсті, екі жағында да кішкене қара нүктелері бар. Гүлдері майда, сыпырғы тәрізді жиналған, кызыл, күлгін түсті. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Дала шалғындарында, орман шеттерінде, тастақ беткейлерде, тауда кездеседі, көбіне шайқурай, ақбас жусанмен бірге өседі. Сарқант, Алакөл, Қапал ауданында зерттелген өндірістік қоры 50 тауыдан асады. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Еріндігүлділер