Кіші Диқан — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауыл, Кіші Диқан ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Шонжы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 102 км жерде, Кіші Ашинақоғалысай өзені жағалауында, бұта аралас әр түрлі астық тұқымдас шептесін ескен, қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты тау алдының қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен19481952 1754 89,9 1015 876 86,3 937 878 93,7
Тарихы Іргесі 1930 жылы "Октябрь" ұжымшарының орталығы ретінде қаланды. Оның негізінде Кіші Диқанда шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Ұйғыр ауданы елді мекендері