Зениттік артиллериялық кешенҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001 (ЗАК)— артиллериялық ату аркылы әуе нысаналарын жою үшін қолданылатын зениттік зеңбірек (бір немесе бірнеше) пен әр түрлі техникалық құралдардың жиынтығы. Зениттік артиллериялық кешеннің негізгі элементтері: оқ-дәрілері бар зениттік зеңбіректер, зеңбіректік көздеу станциясы, артиллериялық зениттік атуды басқару құралы немесе есептеу құрылгысы; қашықтық өлшеуіш, синхронды беру және іздеу жүйесі, электр агрегаттары. Қазіргі заманғы зениттік артиллериялық кешеннің элементтері бір базада (өздігінен жүретін зениттік қондырғы), сондай-ақ жекелей орналасады. Жекелей орналасқан жағдайда зеңбіректік көздеу станциясы, артиллернялық зениттік атуды басқару құралы және жабдықтау агрегаттары жеке қолікте орналасады, сондай-ақ барлығы бірге радио құралдар кешенін құрайды.

Дереккөздер

Санат:Артиллерия