Поль Анри Тири, барон д'Гольбах (фр: Paul-Henri Thiry, Baron d'Holbach; шынайы есімі: Paul Heinrich Dietrich Baron von Holbach – Пауль Генрих Дитрих фон Гольбах; 8 желтоқсан 1723 жыл – 21 қаңтар 1789 жыл) — неміс шыққан француз философы. Француз материалистерінің ілімін жүйелеуші. Материя дүниенің себебі, мәңгі қозғалыста. Дүниеде кездейсоқтық жоқ, барлығыда қажеттіліктен туындайды. Дінді сынағандығы үшін оның «Табиғат жүйесі» атаулы еңбегін отқа жағып жіберген.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1

Ұлты неміс болғанымен, бүкіл өмірін Францияда өткізген ол- француз энциклопедиясының белсенді өкілі. Ол "адам табиғаты жағынан не кең пейілді, не іші тар болып тумайды, оны солай ететін объективтік дүние" дейді. Сондықтан сол замандағы феодалдық қатынастарды сынға алады. Дүниені материалистік тұрғыдан түсіндірді. "Табиғаттан тыс рухани күш бар деп сену-қиял" деп қорытты. Сондықтан Гольбах теология мен идеализмге қарсы шықты. "Материя мен қозғалыс мәңгі. Материяның өмір сүруі -факт, қозғалыстың өмір сүруі де дәл осындай факт" Бірақ ол механикалық детерменизмді жақтады. "Дүние біртекті дамиды" деді. Кездейсоқтықты Гольбах мойындамады. Мәселен, "Фанатиктің өтіндегі удың шектен тыс көбеюі, монархтың асқазанының бұзылуы, басқыншының жүрегіндегі қанның тасуы, кейбір әйелдердің тәкәппарлығы - соғыс ашуға, миллиондаған адамдарды қырғынға айдап, қамалдарды қиратып, қалаларды күл талқан етіп, халықтарды қайыршылық пен қайғыға душар етугк, аштық пен жұқпалы ауруларды туғызып, ұзақ ғасырлар бойы түңілу мен жоқшылық көруге себепкер бола алады" деді.

"Шындықты тану дегеніміз - табиғатты материалистік тұрғыдан түсіну" дейді. Ал, "саналылық дегеніміз идея мен заттар бірлігі" дейді. "Ойлау сезімнен туады" деген пікір айтты. Діннің пайда болу себептерін айтып Гольбах "оның себебі-надандық" деді. "Надандық, үрей, ауыр тұрмыс адамдарды Құдай туралы ойлауға мәжбүр етті"- деп жазды ол. "Қалта Құдайшылық" деген кітабында Гольбах дін туралы өте өткір сын мен уытты пікірлер айтып, еркін ойдың үлгісін көрсетті. Оның еңбектерінен атеистік көзқарастарды байқауға болады.

Дереккөздер

Санат:Франция философтары Санат:Материалистер Санат:Натурфилософтар Санат:Санкт-Петербург ғылым академиясының құрметті мүшелері Санат:Пруссия ғылым академиясының мүшелері Санат:Саяси философтар