Қорғану қабілеті (Обороно способность) — мемлекеттің агрессиядан қорғануға дайындығының дәрежесі. Материалдық және рухани бөлшектерден құралады және әскери, экономикалық, ғылыми, әлеуметтік, моральдық-саяси мүмкіндіктердің жиынтығы болып саналады, Қорғану қабілеті өндіріс тәсіліне байланысты. Мемлекеттің қорғану кабілетіне ел аумағының және болуы мүмкін әскери қимылдар өрісінің оперативтік жабдықталу дәрежесі, азаматтық қорғаныс деңгейі және экономиканың беріктігін қамтамасыз ету шаралары әсер етеді. Қорғану қабілеті мемлекеттің жұмылдыру мүмкіндігімен, олардың ұрысқа өзірлігімен және ұрысқа қабілеттілігімен айқындалады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс