Жауынгерлік және сандық құрам — штат бойынша тізімдегі адам, қару саны. Әр әскери бөлімше бойынша өз саны болады. Жауынгерлік және сандық құрамның түрақтылығы мемлекеттің әскери-саяси жағдайы мен күш - куатына байланысты. Бейбіт уақытта және соғыс кезінде белгіленген уақытқа үкімет қаулысы, жоғары басшылық жарлықтары мен директивалары бойынша бекітіледі; бөлімшелерде, бөлімдер мен құрамаларда штаттық кесте бойынша айкындалады. Оперативтік (ұрыстык) құжаттар, жұмылдыру жоспарлары жауынгерлік және сандық құрамның мәліметтеріне сүйене отырып, қарулы күштердің құрылуына байланысты даярланады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс