Бауыржан Бабажанұлы (1969 жыл, 21 ақпан, Қарақалпақстан Республикасы Мойнақ ауданында туған) - ақын, журналист.

Өмірбаяны 1986 жылы Қоңырат ауданындағы «Ленинизм» орта мектебін бітірген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 1995—1996 жылдары ҚР ҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер 1996—1999 жылдары «Жалын» журналында, «Ана тілі» — «Жалын» бірлескен басылымдарында бөлім меңгерушісі 2000 жылы «Алтын Орда» тәуелсіз апталығында бас редактордың орынбасары болып қызмет істеген. 2000 жылдан Ақтөбе облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы.

Шығармалары Өлеңдері «Толқыннан толқын туады», «Жас ақындар антологиясы» атты ұжымдық жинақтарға енген. 2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен «Аспан мен жердің арасы» («Елорда») 2006 жылы «Уәде» («Жазушы») атты кітаптары жарық көрді.

Жетістіктері мен марапаттары 2003 жылы Астана қаласында өткен халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Әдебиет» номинациясы бойынша бас жүлдегері. 2001 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі «Астанаға 10 жыл» медальдарының иегері. 2008 жылы «Экспресс К» газетінің тек қана бас редакторлар арасында өткізілетін сайысында үздік шығып, басылымның Геннадий Толмачев атындағы сыйлығын иеленген.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:21 мамырда туғандар Санат:1969 жылы туғандар Санат:Мойнақ ауданында туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстан ақындары Санат:Шабыт фестивалінің жүлдегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері