Сарыбай би ауылы (2007 жылға дейін — Қарасу)Облыстағы кейбір ауылдық округтер мен ауылдардың атауын өзгерту туралы — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Қарасу ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылынан батысқа қарай 8 км жерде, Қарасу өзенінің жағалауында, Майтөбе тауының солтүстік баурайында, боз, бетеге, сұлыбас, т.б. астық тұқымдас шөптесш өскен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты тауалдының құрғақ жазығында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14441648 3259 197,8 802 1655 206,4 846 1604 189,6

Тарихы Ауыл 1956-97 жылдары сүт өндіретін "Ұзынағаш" кеңшарының бөлімшесі болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қарасуда және округке қарасты Еңбекшіарал, Қайназар, Қарасай және Қызылсоқ ауылдарында "Қарасу" ЖШС-і және 189 шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы Ауылдарда 2 орта, 1 бастауыш мектеп, 2 кітапхана, 2 фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) елді мекендері