Молла (Қожа) Мұхаммед Шариф (1468/69 немесе 1470/71 ж.ш., Сайрам, — 1563/64 немесе 1565/66, Бесарық, Жаркент маңы) — Шығыс Түркістанның діни қайраткері, "Тазкира-йи Боғрахан" атты шығарманың авторы. Самарқандағы діни медреседе білім алған. Қашғарияға оралғаннан кейін "Увайси" деп аталатын сопынар қауымдастығын уйымдастырған. Кейіннен Хазрет ұлы Қожа атанды. Жаркент маңында мазарлар салдырды. Оның ізін қуушылардың арасында Шағатай әулетінен шыкқан моғол ханы Әбд-ар-Рашид те болды. Ол Молла (Қожа) Мұхаммед Шарифты діни ұстазым деп санады. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер