Сылан немесе Нельма () — албырттар тұқымдасына жататын балық.
Құнды өзен балығы, кейде ащылау суда да тіршілік етеді. Сылан негізінен Обь, Енисей, Лена өзендері жүйелерінен, сондай-ақ Ақ теңіз-Печорский бассейнінен аулайды. Қазақстанда Ертісте, Зайсан, Бұқтырма тоғандарынан ауланатын кәсіптік маңызы бар балық. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
Салмағы 3-12 кг. Оның еті дәмді, өте нәзік, жоғары тағамдық құндылықты. Еті қылтанақсыз, жұмсақ. Сауда орындарына тоңазытылған түрінде және консервіленіп түседі. Сыланды көбінесе қайнатып пісіредіҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1. Мұздатылған, жаңа ауланған нельманы шикілей жеуге болады.
Қайнатып пісірілген сылан Дайындалған балықты аздаған тұзды суға қатты қайнатпай пісіріп алады. Егер балықты дастарқанға салғанда салқындай қоятын болса, онда оны сол қайнатқан суынан алмай суытады да, содан кейін бөлек алып, үстіне көк салып, майонез құнды. Сондай-ақ қайнатыл пісірілген ыстық сыланға жұмыртқа— майлы соус құйын, үстіне піскен картоп пен көк петрушка салып береді.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Дереккөздер
Санат:Албырттәрізділер