Орыс ұлтық-мәдени орталығы, Талдыкорған қаласында 1998 ж. құрылған. Орталықтың бағдарламасында орыс халқының салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін дамытып, сақтау көзделген. Басты мақсаты — қоғамдағы рухани жарасымдылықты насихаттап, жалпы адамзаттық құндынықты дәріптеу, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты сақтау. Орталық жанынан "Ардагерлер хоры" атты ансамбль құрылған. Облыста орыс ұлтының 340 мыңнан аса өкілдері тұрады. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер