Негізгі білім - әрі қарай өсіп және байытылуы ұшін негіз құрайтын мақсат, білім және іскерліктер жиыны. Термин бірнеше мағынада қолданылады: қоғамда толыққанды өмір сүру үшін минимум қажетті білім мен іскерлікті меңгеруге бағдарланған білім; кемелденген жаста білім алуды жалғастырудың бастапқы пункті ретінде қарастырылатын, ақылы еңбек сферасына бастамастан бұрын алынған білім; жеке адамның әр жақты дамуы мен тұтас - этикалық бағдарының болуын, әрі қарай білім алу үшін жалпы мәдениеттілік негізін қалыптастыруды, азаматтық және кәсіптік қалыптасуын көздейтін жалпы білімдік дайындығының қоғамдық қажетті деңгейі.Орысша-қазақшатүсіндірмесөздік: Педагогика / О 74 Жалпыредакциясынбасқарғанэ.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.ISBN 9965-808-85-6 Дереккөздер

Санат:Педагогика Санат:Терминология