Заңды тұлғаның таратылуы — заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуы, оның мәні олардың құқықтары мен міндеттері басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өткізілместен олардың істері мен мүлкінің жойылуында. Заңды тұлғалар таратылған кезде олардың өндірістік, сауда, ғылыми-техникалық және қоғамдық қызметі тоқтатылады, олардың несиегерлері қанағаттандырылады, үлескерлік жарналар заңды тұлғалардың мүшелеріне қайтарылады, олардың мүлкі сатылады. Кәсіпорын құрылған мерзімінің аяқталуына байланысты, құрылғандағы мақсатына жеткеннен кейін оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) шешімі бойынша, сондай-ақ соттың шешімі бойынша таратылуы мүмкін.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

Дереккөздер

Санат:Экономика