Бекіністі ауданның қорғанысы () — жергілікті жерде фортификациялық құрылыстардың арасын қорғайтын әскерлердің өз алдына немесе мотоатқыштар бөлімдерімен (құрамаларымен) бірлесе отырып ұзақ және табанды қорғанысқа арнап салынған, ұзақ мерзімді, далалық фортификациялық құрылыстармен алдын ала жабдықталған қорғаныс. Бекіністі ауданның қорғанысы терең эшелондалып ұйымдастырылады. Қамтамасыз ету алкабы, алдыңғы шебі және әскери қорғау шебі қорғаныстың жалпы қағидаларына сәйкес жасалады. Негізгі қорғаныс алқабында бірнеше корғаныс позициясы, артиллериядан және ӘПҚҚ құралдарынан ату позициясының аудандары, танк бөлімшелерінің ату шептері мен танкіге қарсы шабуыл шептері, аралық және бөлу позициялары болуы мүмкін. Ол жерде бөгеттер жүйесі құрылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс