Деректер қоры - бір-бірімен белгілі бір тәртіппен құрылымдық тұрғыдан байланысқан, машинамен оқылатын, нақты қолданбалы сала үшін көкейтесті, ақпараттық технология үшін жарамды нысандағы нақты дүние объектілері сипаттамаларының, сондай-ақ ЭЕМ-нің (электрондық есептеуіш машина) жадындағы немесе машинамен оқылатын сақтағыштағы (магнитті ленталардағы, дискеттердегі, ықшам дискілердегі) ақпарат жазбаларының жиынтығы. Деректер қоры қоғамның барлық ақпараттық қорларымен тығыз байланысты, солардың негізінде жасалады, ал олардың көбісі ақпараттың тек құжаттық көздерімен бірге пайдаланылады. Деректер қорын жасау үшін ең алдымен мүдделілік туғызған объектілер (мысалы, жеткізушілер, тұтынушылар, кәсіпорындар, қызметкерлер, т. б.) айқындалады, сонан соң әрбір объекті үшін оның өзгешеліктерін сипаттайтын деректердің жиынтығы бөліп көрсетіледі. Мысалы, кәсіпорынның өзгешеліктеріне оның атауы, мекен-жайы, банктегі шоты, шығаратын өнімінің тұрпаты, т. б. жатады.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

Д 28 Деректер қоры: Оқулық / Эльмар Делер, неміс тілінен аударма. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019. – 184 бет.

Деректер артықтығы. Деректер бірнеше рет сақталады (қайталанады), бұл деректерге өзгерістер енгізуді қымбат етеді, ал қателер ықтималдығы артады. Бір ғана дерек әр жерде бірнеше рет өзгертілуі тиіс. Мысалы, бірнеше рет сақталған деректерді өзгерту тек бір жерде ғана жүзеге асырылса, деректер ауқымы қате болады. Сәйкессіздіктер. Егер деректерді бірнеше пайдаланушы немесе бағдарламалар бір уақытта өзгертілсе, онда бұл деректердің келісілмеген жағдайына әкелуі мүмкін. Деректерге кіру қадамдастырылмаған, мысалы, егер ағымдағы шотты бір уақытта екі пайдаланушы өңдесе, онда екеуі де бірдей сальдоны көреді: 2000 еуро. Ал егер пайдаланушы A шотынан 1000 еуро алса және осы операцияны сақтаса, ал пайдаланушы B бір мезгілде 500 еуро енгізсе және осы операцияны сақтаса, онда екі мәндер де деректер қорындағы: 1000 және 2500 еуро қарама-қайшы және дұрыс емес болады. Деректерді қорғау. Ақпаратты оқуға және жазуға барлық деректер көлемінде қол жеткізуге болады. Деректерді қорғау – қолданылатын операциялық жүйеге байланысты: қол жеткізу құқықтарын теңшеу немесе шифрлау арқылы іске асырылуы мүмкін. Деректердің тәуелсіз болмауы. Деректерді басқару әдетте тиісті қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы ғана мүмкін. Егер деректер құрылымын өзгерту қажет болса, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуде де, файлдарды қайта құрылымдау бағдарламасында да өзгеріс енгізу қажет. Сондай-ақ басқа қолданбаның бір файлдарын бағалау үшін осы жаңа бағдарлама үшін жеке деректерді басқаруды жасау керек. Пайдаланушы деректерді оңай және анық басқара алуы үшін оған деректер қорын басқару жүйесі – ДҚБЖ қажет. Осылайша, деректер қорының жүйесі (ДҚЖ) деректер қорынан (ДБ) және басқару жүйесінен тұрады.

Дереккөздер

Санат:Экономика