Мұратбай БекеевҚазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл 1958 жылы 30 қыркүйекте Қарақалпақстанның Беруни ауданында туған. 1980 жылы Нөкіс Мемлекеттік университетінің орыс тілі және әдебиет факультетін, 1991 жылы Нөкіс ауыл шаруашылық техникумын тамамдаған. =
Жұмыс баспалдағы 1980—1994 жылдары Қарақалпақстанның Беруни ауданының мектептерінде орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі, 1994 жылдан Ташкенттегі қазақтілді басылым - «Нұрлы жол» газетінде тілші, Өзбекстан Қазақ Ұлттық мәдени орталығында кеңесші, «Қазақ елі» газетінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі, 2001-2006 жылдар аралығында Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық «Сарыағаш» газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. 2006 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің Сарыағаш ауданындағы меншікті тілшісі. Сарыағаш ауданындағы Т.Айбергенов атындағы әдеби бірлестікке жетекшілік етеді. «Сұлулық сыры» (1999), «Махаббат мекені» (2005), «Аруана-ғұмыр» (2006) сияқты жыр жинақтарының авторы.
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қарақалпақстанда туғандар Санат:1958 жылы туғандар