Осакаровка аудандық тарихи-өлкетану мұражайы - 1985 жылы Қарағанды тарихи-өлкетану мұражайының филиалы болып ашылды. Қазір аудандық мәдениет орталығының филиалы.

Жалпы аумағы 119,7 ш.м., экспозициялық аумағы 91,8 ш.м., қор сақтау орны 27,9 ш.м.

Экспозициялар: Мұражай экспозициясы Осакаровка ауданының тарихи кезеңдерін қамтиды: «Өлкенің табиғаты», «Осакаровка ауданының оқу-ағарту саласы», «Өлкенің тарихы», «Біздің аудан Ұлы Отан соғысы кезінде», «Қазақстан Республикасы».

Тақырыптық көрмелер:

Презентациялық бөлім: «Қазақстан Республикасы» «Қазақстан халқына Президенттің жолдауы» «Астана — менің сүйікті қалам» «Жерлес батырларға мәңгілік естелік» «Сау денеде - сау рух» «Кінәсіз кінәлілер» «Алғашқы тың игерушілер» тың игерілгеніне 54 жыл 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсанында «Осакаровка кентінің құрметті әйелдері», «Әрі ана - әрі дана» атты дәріс-көрме және бейнематериалдарымен слайд-шоу көрсетіліп және онымен қоса мұғалімдерге, дәрігерлерге, ҰОС ардагерлеріне арналған концерттік бағдарлама. «1-ші мамыр Қазақстан халқының бірлік күні» мерекесіне байланысты оқушылардың қатысуымен 9 мамыр жеңіс күні арналған «Жерлес батырларымызға тағзым» атты көрме және ҰОС ардагерлерімен кездесу өтті. 30-тамыз «Конституция ата заңымыз» атты көрме және осы тақырыпқа арнай лекция оқылды. 1-қыркүйек білім күніне орай «Оқушы 2009» экспозициялық көрме қойылымымен экскурсиялық жұмыс жүргізілді.

Раритеттер мен мұражай жинақтары:

Білім беру бағдарламасы: дәрістер және мұражай сабақтары. Ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстары Осакаровка музейі бойынша ғылыми-ағарту жұмыстары, көрмелер, экскурсиялар және мерекелік іс-шаралармен шектеледі.

Мұражай жөнінде ақпарат: Күн тәртібі: 9.00 сағ −16.00сағ. Экскурсия — тегін Келушілерге көрсетілетін қызмет түрі — экскурсия, дәрістер Мекен-жайы: Осакаровка кенті, Жаңа көшесі,43. Мұражай меңгерушісі: Амренова Маржан.

Санат:Осакаров ауданы Санат:Қарағанды облысы мұражайлары Санат:1985 жылы құрылған мұражайлар