Ұрыстың басталуы () — ұрыс қимылдарының бастамасы. Қарама-карсы жақтар жақындасқанда, қағида бойынша, қашықтық шегінен ракеталық әскер мен авиацияның соққысынан басталады, сонан соң ұрысқа қалқалаушы және қорғаушы әскерлер, ал сонан соң негізгі күштер кіреді. Әуе шайқасы ұшақтар басқарылатын және өздігінен бағытталатын ракеталар қашықтығына жақындағанда, ал ракеталар жоқ жағдайда, зеңбірек атуының нақты атыс қашықтығына жақындағанда басталады. Әскери-теңіз флотының су үсті кемелері мен қарсылас кемелерінің ұрысы негізгі калибрлі артиллерияның және ракетаның нақты атыс қашықтығына жақындағанда, ал сүңгуірлерге қатысты — торпеда ұшыру қашықтығына жақындағанда басталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс