Қос болымсыздық форма (орыс. двойная отрицательная форма) — бір сейлемде екі болымсыздық форманың қолданылуы. Бұл әр түрлі жағдайда көрінеді: I. Сөйлемде етістіктің болымсыз түрі мен болымсыздық мән беретін емес сөзі қатысқанда. Мысалы: Оның мұны білмеуі мүмкін емес. Осындай екі болымсыз форманың қолданылуы нәтижесінде сөйлем болымды мәнге ие болады. 2. Сөйлемнің болымсыздық мағынасын күшейту, нығайту үшін, болымсыздық есімдіктері мен болымсыз етістіктер тіркесіп айтылғанда. Мысалы: Біз ешкімді ешқайда зорлап сайламаймыз(Б. Майлин). 3. Ӏс-әрекетті болжау сипатында айтылатын сөйлемнің баяндауышы кейде болымсыз мәнді тіркес пен шартты рай етістіктің болымсыз түрінен жасалғанда. Мысалы: Колхоздан шығарып тастап жүрмесе (Б. Майлин). 4. Шартты рай етістіктің болымсыз түрі не қылсын арқылы жасалатын модальдық баяндауыш құрамында болымсыз -ма тұлғасы қатысқан жағдайда. Мысалы: Екі бақсының аулы атанбасақ не қылсын (Ғ. Мүсірепов). Қос еріндік дауыссыздар (орыс. двугубные, билабиальные согласные (би екі,labialis - еріндік)) — екі еріннің бір-біріне нық тиісуі арқылы жасалатын дауыссыздар: б, п, м.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.

«Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9

Дереккөздер

Санат:Лингвистика