Материалдық теңгерім - белгілі бір түрдегі материалдық ресурстар көлемін және олардың қажеттіліктер мен тұтынушылар бойынша бөлінуін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.
Өзінің мақсаты бойынша өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарының өндірілуін, тұтынылуын және қорлануын бейнелейді. Әдетте, екі бөліктен түратын кесте түрінде құралады. Бірінде қолда бар ресурстар (кезеңнің басындағы босалқы Қорлар, өндірілуі, импорты, ішкі мүмкіндіктердің жүмылдырылуы, т. б.), екіншісінде — олардың бөлінуі (өндірістік-пайдалану мұқтаждарына, күрделі құрылысқа, сақтық қорлардың толықтырылуына, экспортқа, нарықтық қорға, өзге де қажеттіліктерге, кезең аяғындағы босалқы қорға бөлінуі) бейнеленеді. Екі бөліктің Жиыны тең болуға тиіс. Олардың тең болмауы ресурстардың тапшылығын немесе артылуын көрсетеді.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Дереккөздер
Санат:Экономика