Пайыздық табыс - ақшалай қаражатты немесе капиталды тиімді жұмсау шарасы.
Банк депозитіне немесе салымына жұмсау кезінде — банкінің депонентке немесе салымшыға ақшаны пайдаланудан бас тартқаны үшін (салым бойынша пайыз) салынған қаражатқа пайыздық қатынас тұрғысынан белгілі кезендегі сыйақы ретінде төлейтін ақша сомасы.
Бағалы қағаздарды сатып алу кезінде — купонның немесе дивидендтің (иесі белгілі бір кезенде алған) бағалы қағаздың атаулы құнына қатысты пайыз түрінде алынған сомасы.
Мүліктік капитал салу кезінде — ақшалай да, мүліктей де салымның құнына пайыз түріндегі пайданың құндық бағасы.
Пайыздық табысқа салық салынуына қарай жалпы табыс (салық есептелмегенде), таза табыс (салық есептелгенде) түрлеріне бөлінеді.
Пайыздық табысты жылдық пайыз түрінде есептеу дәстүрге айналған. Бұл орайда есеп мақсатында купондардың, пайыздардың, сыйақылардың немесе бір жыл ішінде алынған пайданың сомасы алынады.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Дереккөздер
Санат:Экономика Санат:Қаржы
ar:فائدة az:Maraq bg:Лихва bs:Kamata ca:Interès cs:Úrok da:Rente de:Zins el:Τόκος en:Interest eo:Interezo es:Interés et:Intress fa:بهره (پول) fi:Korko fr:Intérêt (finance) he:ריבית hi:ब्याज hr:Kamata hu:Kamat id:Suku bunga is:Vextir it:Interesse ja:利子 ko:이자 la:Usura lo:ດອກເບ້ຍ lt:Palūkanos mr:व्याज nl:Rente no:Rente pl:Odsetki pt:Juro ru:Процентный доход sk:Úrok sq:Interesi sr:Камата sv:Ränta te:వడ్డీ th:ดอกเบี้ย tr:Faiz uk:Відсотки (платіж) vi:Lãi suất wuu:利息 yi:ריבית zh:利率 zh-yue:利息