Шекараны қорғау күштері — шекара әскерлері. Шекараны қорғау күштері құрлықтағы және жағалық корғау күштері болып бөлінеді. Құрлықтағы шекара әскерлері мемлекеттік шекараны қырағы күзетіп, оны қорғауға және қарсыластың шабуыл жасауына тойтарыс беруге қабілетті. Шекарашы әскерлердің жоғары әскери шеберлігі мемлекеттің біртұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Шекарашылардың қару-жарағына атыс қаруларының барлык түрлері, танкіге карсы құралдар және қазіргі заманғы басқа да әскери техника, байланыс және бақылау құралдары кіреді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс