Баян Қадірбайқызы Бекетова (1960 жыл, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында дүниеге келген) — жарналист, ақын.
Өмірбаяны С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1984 жылы бітірген. Қазақ телевизиясы мен радиосы мемлекеттік комитетінде редактор, "Егемен Қазақстан", "Халық Кеңесі" республикалық газеттерінде тілші-журналист қызметтерін атқарған. Алматы қалалық әкімшілігінің Тіл басқармасының мемлекеттік және өзге тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болған. Алматы қаласы мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінде Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас маман -редакторы
Шығармалары Өлеңдері енген ұжымдық жыр жинақтары: «Аудитория» «Қарлығаш» «Қыз ғұмыр» «Күміс күйме» «Мадонны Турана» Мәскеуден шыққан түркі тілдес қыз-келіншектердің шығармалары топтастырылған ұжымдық жинаққа орыс тіліндегі өлеңдері енген. Өзінің жеке жыр жинақтары: «Үмітім менің» (1982) «Жалғыздық» (1984) «Сәмбі тал» (2001) «Көлбастау» (2001) «Мен сені сағынғанда» (2001). «Ұйықтамайды жұлдыздар» (2010). «Шолпы» (2020).
Жетістіктері ІІ Халықаралық Түркі поэзиясы фестивалінің лауреаты.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл «Сорос Қазақстан» Халықаралық қорының «Қазіргі заман поэзиясы» бәйгесінің жеңімпазы. Алматы қалалық әкімдігінің Абай оқулары, қала күніне арналған қалалық ақындар мүшәйрасының, тағы басқа көптеген жыр мүшәйраларының жүлдегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2008).“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Марапаттары «Кұрмет» ордені, «ҚР Тәуелсіздігіне-20» медалі, «ҚазМу-дің құрылғанына – 80 жыл», «Тіл ардагері» төсбелгі, Түркістан облысы Бәйдібек ауданының "Құрметті азаматы».
Дереккөздер
Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстан ақындары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері