Талдықорған музыка колледжі - 1979 ж. Талдықорған қаласында музыка училищесі ретінде құрылды. Алғаш 61 оқушы қабылданды. 1980 жылы туғанына 75 жыл толуына байланысты училищеге К.Байсеитовтың eciмi берілді. 1991 ж. училищенің ұлт аспаптар оркестрі мен хоры 13-республикалық жас орындаушылар байқауының лауреаты атанды. Мұнда домбырамен ән салу, ән-күй теориясы бөлімдері бар. 1993 ж. Талдықорған музыка колледжі болып өзгерді. Қазір оқу орнында 70-тен аса оқушы білім алуда. Оларға тәжірибелі педагог мамандар сабақ береді.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Талдықорған колледждері