Септеулік жалғаулар — толық мағыналы сөздерге тіркесіп, әр түрлі грамматика/грамматикалық қатынасты білдіретін шылаулар. Септеулік шылаулар белгілі бір септік жалғаулы сөздерді меңгеріп, оларға бағыттық, мақсаттық, мезгілдік, үдету, ұқсату, қайталау т.б. грамматикалық мағыналар үстеп тұрады. Мысалы: Ол қалаға оқу үшін келді. Ауылға қарай аяңдады.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
Ондай септік қатынастар мыналар: Атау септігіне қатысты: арқылы, жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияқты Барыс септігіне қатысты: дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта Шығыс септігіне қатысты: кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі Көмектес септігіне қатысты: қатар, қабат, бірге, қоса.
Дереккөздер
Санат:Лингвистика Санат:Қазақ тілі Санат:Грамматика