Консервационизм - 1) биосфера мен оның барлық бөліктерін өзгермеген, "жабайы", алғашқы күйінде толық және сөзсіз сақтауға шақыратын батыстық экологисттік ағын; 2) табиғатты бастапқы күйінде сақтау (немесе сол күйге қайтару) мүмкін дейтін утопиялық экологиялық түсінік. Консервационизм элементтеріне егіншіліктің биологиялық жүйесі, депопуляция, экожүйе тұжырымдамасы жатады. Консервационизм идеясы тек ерекше сақталатын табиғи аумаққа тән.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Экология Санат:Табиғатты қорғау