Судьяның тәуелсіздігі төмендегі жағдайларда: сот төрелігін жүзеге асыруды заңда көзделген рәсімімен қарастырылуымен; судьяның сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне араласқаны, сондай-ақ сотты және судьяларды сыйламағандығы үшін заңда жауаптылық белгілеумен; судьяға ешкімнің тиіспеуімен; Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгіленген судьяны қызметке сайлау, тағайындау, судьяның өкілеттігін тоқтату және токтата тұру тәртібімен, судьяның өз еркімен лауазымынан кету құқығымен; судьяларға мемлекет есебінен олардың мәртебесіне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым салу арқылы қамтамасыз етіледі.

Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қорғауында болады.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6 Дереккөздер

Санат:Құқық Санат:Заң