thumb thumb Күштік беріліс - қозғауыштан алынатын айналдырушы иінді күшті көлік күралының қозғалтқышына беруге арналған механизмдер мен агрегаттардың (тіркес, беріліс қорабы, карданды беріліс, дифференциалдық және жартылай естердің) жиынтығы. Күштік беріліс түрлері Өзін өзі басқаратын күштік беріліс- өздігінен баскарылатын беріліс қорабы бар күштік беріліс. Сатысыз күштік берілісліс - сатысыз беріліс қорабы бар күштік беріліс. Бүйірліқ күштік беріліс-көліктің доңғапағының күшік берілісі, айналмалы момент біріншіден сол және оң жак бортқа, содан кейін әр бортты бойлай жетекші доңғалакка беріледі. Гидромеханикалық күштік беріліс - гидромеханикалық беріліс корабы бар кұрама күштік беріліс. Гидрокөлемдік күштік беріліс- қозғауышка косылған сараптан және жетекші доңғалактарға орнатылған гидроқозғауыштардан тұратын күштік беріліс. Құрама күштік беріліс-келік кұралының механикалық және сонымен бірге гидравликалық немесе электрлік кұрылымдардан тұратын күштік беріліс. Механикалық күштік беріліс- көлік құралының механикалық құрылымдардан тұратын кұштік беріліс. Мосттық күштік беріліс- доңғалактық, келіктік күштік беріліс, айналдырушы иінді күшті бірінші әр жетекші белдікке, содан кейін әр жетекші белдіктің сол және оң жағындағы дөңгалақтарына береді. Электрлі күштік беріліс- козғауышка косылған генератордан және жетекші доңғалактарға орнатылған электр қозғауыштардан тұратын күштік беріліс. Электромеханикалық күштік беріліс - көлік кұралының механикалық және электрлік кұрылымдардан тұратын кұрама күштік беріліс.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0 Дереккөздер

Санат:Физика