Филиал (латын. filialis - ұлдікі, баланікі) - заңи тұлғаның оқшауландырылған бөлімшесі. Филиал заңи тұлғаның орналасқан мекенінен тыс жерде орналасады және оның міндеттерінің бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндеттерін де жүзеге асырады. Филиал ережелер негізінде әрекет етеді, заңи тұлғалар болып табылмайды, басшысын басты фирма тағайындайды, басшылықты фирманың атынан және соның сенімхаты бойынша жүзеге асырады. Салық салу мақсатында филиал бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қарастырылады.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6 Дереккөздер
Санат:Экономика Санат:Қаржы
ar:علاقات التبعية cs:Afilace en:Affiliate (commerce) ja:成功報酬型広告