Юсип Бабаев(Нүсіп) (1887, бұрынғы Верный губ, Қаскелең уезі — 1938) — қоғам қайраткері, Жетісуда Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысушы. 1916 жылы майданға қара жұмысқа алынып, онда мыңбасы болды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін Верныйға оралып, "Қара жұмысшылар одағын"ұйымдастырды. "Одақ" Верныйдағы астыртын большевиктік ұйыммен байланыс жасады. 1919 жылы желтоқсанда Ташкентте Қызыл Армияның саяси қызметкерлерін даярлайтын курсты бітірді. 1919-22 жылдары Қызыл Армияның ұлттық бөлімдерінде полк, бригада, дивизия әскери комиссары, 1922-28 жылдары Алматы, Лепсі уездік аткомының төрағасы, 1928-34 жылдары Түрксіб темір жол басқармасында, Алматы қалалық партия комитетінде жауапты қызметтер атқарды, өмірінің соңғы жылдары Кеген (қазіргі Райымбек ауданы) жылқы зауытының саяси бөлім бастығы болды.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:1887 жылы туғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:Ардагерлер