Қайнар — Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Бөріжар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Темірлан ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 23 км жерде, Бадам өзенінің сол жағасында.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен30993264 3194 97,9 1644 1600 97,3 1620 1594 98,4
Тарихы 1936 жылы ұжымшарға бірігіп, Бөржар өзенінен «Тұрсынай» каналы қазылды. Ұжымшар негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. "Қайнар құс" фабрикасы 1994 жылдан - «Қайнар құс» АҚ болды. Жақында күркетауық өсіріп, өнімін халыққа тарататын "Ордабасы құс" фабрикасы іске қосылды. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігін осы фабрикалар жұмыспен қамтып отыр.
Инфрақұрылымы М. Әуезов атындағы орта мектепте 800-ден астам оқушы білім алып, оларға 80 ұстаз білім беруде. Екі қабатты аурухана, "Раушан" бала-бақшасы, Қазпошта, т.б мекемелер халыққа үздіксіз қызмет көрсетуде. Ауылдағы үйлердің 80 пайызы газбен, таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ауылда үлкен алма бағы бой көтерді. Жылыжайда қысы-жазы қызанақ, қияр секілді көкөністер өсіріледі.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том
Дереккөздер
Санат:Ордабасы ауданы елді мекендері