Бақанас — Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл, аудан және Бақанас ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Облыс орталығы - Қонаев қаласынан солтүстік-батысқа қарай 140 км, Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 200 км-дей жерде, Іле өзенінің оң жағында орналасқан.

Халқы + Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен54175004 6280 125,5 2457 3111 126,6 2547 3169 124,4

Тарихы Іргесі 1932 жылы қаланған.

Ескерткіштер мен мұражайлар Тарихи-өлкетану мұражайы Алматы облысы әкімінің 2003 жылғы шешімі негізінде ашылды. Мұражай жалпы ауданы 384,2 шаршы метрді құрайды. метр. Экспозиция алаңы 215,7 шаршы метрді құрайды. Мұражай қорында 1 804 мұражай маңызы бар заттар бар. Мұражай экспонаттарында Еңбек және соғыс батырларының материалдары, Д.А. Қонаевтың жеке заттары, флора мен фаунаның заттары және аудан тарихы көрсетілген.

Орналасқан жері: Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Байқауытов көшесі, 63"А".

2022 жылдың мамыр айында ауылда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевқа ескерткіш тұрғызылды.https://www.nur.kz/society/1969325-pamyatnik-dinmuhamedu-kunaevu-otkryli-v-almatinskoy-oblasti/?

Инфрақұрылымы Бақанаста құрылыс, агроөндірістік, көлік, т.б. мекемелер, бірнеше өндірістік кооперативтер, шаруа (фермер) қожалықтары және серіктестіктер жұмыс істейді. Ботаника және интродукция институтының Іле ботаникалық бағы, мәдениет үйі, 3 орта, 1 бастауыш мектеп, аудандық аурухана, емхана, санитарлық-эпидемиологиялық станция, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары Алматы қаласымен (225 км) және басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Бақанаста Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың кезінде келіп демалған саяжайы және салғызып кеткен көпірі бар. Жақында ғана Д.А. Қонаевтың құрметіне арналған саябақ ашылды. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Балқаш ауданы елді мекендері