ҒАБДЫРОВ Елеукен Хамидоллаұлы (25.12.1929, Атырау облысы Индер ауданы – 16.10.1989, Алматы қ.) – әдебиет зерттеушісі, филологиялық ғылым докторы (1968), ҚазМУ-ды (1944, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1944–62 ж. осы университетте оқытушы, аға оқытушы, доцент, филол. ф-тінің деканы, 1962 жылдан Қазақ КСР-і ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі, аға ғылым қызметкері болды. «Кеңес дәуіріндегі орыс-қазақ әдеби байланыстары» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғаған. Ғылыми-зерттеу еңбектері әдебиеттің жалпы теориялық мәселелері мен әдеби байланыстар тақырыбына арналған.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер