Әлеуметтік белсенділік - мәселелерді шешуге саналы түрде бағытталған іс-әрекет. Әлеуметтік белсенділік арқылы жеке адамның мәдени дәрежесіне, білім деңгейі мен икемділігіне, қоршаған ортамен қарым-қатынасына беруге болады. Әлеуметтік белсенділіктің төмендегі адамдардың қоғамдық ортақ іс-әрекеттерден тыс қалғандығын, білімсіздігін және жігерсіздігін көрсетеді. Қоғамдағы өзгерістер адамдардың әлеуметтік белсенділігіне тікелей байланысты болып келеді. Әлеуметтік белсенділік — адамның әлеуметтік позициялық көрінісі. Әлеуметтік белсенділіктің өндірістік, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, тұрмыстық, т.б. түрлері бар. Әлеуметтік белсенділіктің кең тарап, нығаюына қоғамдағы басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесі, іс-әрекетті шектен тыс бақылау, т.б. кері әсер етеді. Әлеуметтік белсенділік қоғамның өтпелі кезеңінде жаңа объективті жағдайлар қалыптасып, оны жүзеге асыру бағдарламасы анықталғанда халықтық сипат алады.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Дереккөздер

Санат:Әлеуметтану Санат:Терминология