Тауарлар экспортының кедендік режимі (ағыл. customs regime of goods export; нем. Zollverfahren der Warenausfuhr; лат. exportare - шығару) - Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс қары жерлерге осы аумақтан тыс жерде тұрақты болу немесе тұтынылу мақсатында тауарлар әкетілетін кедендік режим.

Тауарлар экспорты: кедендік әкету баждары төленген; тарифтік емес реттеу шаралары сақталған; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптар мен жағдайлар орындалған жағдайда жүзеге асырылады.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6 Дереккөздер

Санат:Құқық Санат:Заң