Үрдіс, процесс — қандай да бір нәтижеге жету жолындағы бірізді әрекеттердің жиыны.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Е. Арын — Павлодар : "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6 Автомодель үрдісі — берілген параметрлермен байланыссыз үрдіс. Адиабатты үрдіс — қоршаған ортамен физикалық жылу алмасу болмағанда өтетін процесс. Тұрақсыз үрдіс — физикалық жүйе жағдайы өзгеретін үрдіс. Жұмыс үрдісі — агрегатта және жүйеде жұмыс уақытында пайда болатын олардың тізбектілігі, себептілігі, өзара байланысының физикалық, физика-химиялық және басқа да құбылыстар жиынтығы. Тұрақты үрдіс — өзі өтетін жағдайда физикалық жүйенің өзгермеу процесі.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Үрдіс · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.