Вольфганг Ратке (18.1.1571, Вильстер - 27.04.1635, Эрфурт) - көрнекті неміс педагогы, Коменскийдің ережелеріне жақын оқыту ережелері жүйесін жасаған ірі дидакт.

1612 ж. Майндағы Франкфурт қаласында өткен неміс князьдерінің құрылтайына төмендегі үш, оның пікірінше, ең маңызды мәселені шешуге арналған нұсқаулық ұсынды: 1. көне де, жаңа да тілдерді жылдам және оңай үйренуді қалай қамтамасыз етуге болады. 2. жастар әр түрлі ғылымдар мен өнерді зерделей алатын ана тіліндегі мектептерді барлық жерде қайтіп ұйымдастыруға болады. 3. Бүкіл Германияда басқарудың, тілдің және діннің бірлігіне қалай жетуге болады. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / Жалпы редакциясын басқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6

Дереккөздер

Санат:18 қазанда туғандар Санат:1571 жылы туғандар Санат:Вильстерде туғандар Санат:Шлезвиг-Гольштейнде туғандар Санат:27 сәуірде қайтыс болғандар Санат:1635 жылы қайтыс болғандар Санат:Эрфуртте қайтыс болғандар Санат:Германия педагогтары