Нұрлыбай Есімғалиев (5 сәуір 1949 ж.т., Бөкей ордасы ауданы, Бөрлі а.) — киноактер.

Өмірбаяны Алматыдағы республикалық эстрада студиясында «көркемсөз оқушы» мамандығын алған (1968).

Алматы мемлекеттік консерваториясының актерлық факультетінде (1968-71; Ш. Жандарбекованың класында), Мәскеуде Бүкілодақтық мемлекеттік кинематографиялық Институтында КСРО халық артисі Б. А. Бабочкиннің шеберханасында тәлім алған (1974).

1974 жылдан Ш. Айманов атындағы ''«Қазақфильм»'' киностудиясында еңбек етеді.

Қазақстан кәсіпқой киноактерлер гильдиясын құрып (1998), соны басқарған.

Рөлдері Есімғалиев 40-қа жуық кинофильмге түскен.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер