Америка Құрама Штаттары ( ), жиі қолданылатын түрі АҚШ () немесе Құрама Штаттар (, ауызекі тілде – Америка) — Солтүстік Америкадағы мемлекет. Аумағы 9,5 млн км²Британника энциклопедиясы, «». (әлем бойынша 4-орында).
Халық саны — 329 млн адам (2019 санағы, әлем бойынша 3-орында). Астанасы — Вашингтон. Тұрғын саны бойынша ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос Анжелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питтсбург, Балтимор, Сиэтл. Халықтың 66%-ы — протестанттар, 26%-ға жуығы — католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс).
Географиясы солға|нобай|430x430 нүкте|50 штаттарды, Вашингтон және басқа маңызды территорияларды көрсететін АҚШ картасы Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі.
АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 1/2-ін (елдің батысында) биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар) орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193 м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді.
Қаңтар айының орташа температурасы Аляскада –18°С, Орталық жазықтың солтүстігінде –24,8°С. Елдің оңтүстік-батысында қаңтар айының орташа температурасы 12°С-тан, Флорида түбегінде 20°С-қа дейін жетеді. Шілде айының орташа температурасы батыс жағалауда 14 – 22°С, шығыста 16 – 22°С-қа дейін ауытқиды, ал орталығындағы жазық өңірлерде 32°С-қа дейін көтеріледі. Батыс жарты шардағы ең жоғарғы температура Ажал аңғарында (56,7°С) байқалды. Жауын-шашынның мөлшері Алясканың жел өтіндегі тау беткейлері мен Тынық мұхит жағалауында 3000 – 4000 мм; шығыс және теңіз жағалауы белдемінде 1000 – 2000 мм; Орталық жазықта 600 – 900 мм, Ұлы жазықта – 400 – 600 мм, Мохаве шөлінде (Ажал аңғары) – 100 мм-ден де аз. Жауын-шашынның көп мөлшері Гавай аралдарында (10000 мм). Ең ірі өзендері: Миссисипи (ұзындығы Миссури саласымен бірге 6420 км), Огайо, Колорадо, Колумбия, Рио-Гранде, Юкон. Көпшілігі Атлант және Тынық мұхит алабына жатады. Дүние жүзіне әйгілі көлдер жүйесін елдің солтүстік-шығысындағы Ұлы көлдер құрайды (Жоғарғы көл, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио). Олардың барлығы бір-бірімен жалғасып, 245 мың км² аумақты алып жатыр. Эри мен Онтарио көлдерін байланыстыратын Ниагара сарқырамасы осы тұста орналасқан. АҚШ аумағында 270-ке жуық мемлекет қорғауындағы табиғи аймақтар (ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері, қорықтар) бар. Олардың ірілері: Йеллоустон, Йосемит, Секвойя, Гранд-Каньон, т.б.
АҚШ климаты біркелкі қоңыржай және субтропикті болып келеді. Ал солтүстіктегі Аляска штатында қыстыгүні арктика суығы байқалып тұрады.
Тарихы thumb|left|150px Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үндістер өмір сүрді. Христофор Колумб Американы ашқаннан кейін (1492—1503) 16 ғасырда Англия, Испания, Нидерланд, Франция, Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті. 18 ғасырдың 60-жылдарына қарай Англия Солтүстік Американы түгел дерлік басып алды. 17 ғасырдың басында Америкаға ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775 – 83). thumb|right|300px|Колумбтың қонуы 1776 жылғы 4 шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке айналды, 1-Америка-буржуазиялық революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты. 1783 ж. бітім шарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады. 1787 ж. АҚШ Конституциясы қабылданып, елдің бірінші президенті болып Джордж Вашингтон сайланды. 1776 ж. құрлық аралық конгресс қабылдаған Тәуелсіздік декларациясы жобасының авторы, қоғам құрылысын демократияландыруға үлкен үлес қосқан Томас Джефферсон 1800, 1804 ж. АҚШ президенті болып сайланды. Ол түрлі әлеуметтік топтардың арасында мәмілеге келтіру саясатын жүргізді. Кейбір реакциялық заңдарды жойып, әскерді, флотты, мемлекеттік аппаратты қысқартты. Ресеймен дипломатиялық қатынас орнатты. 19 ғасырдың 1-жартысында АҚШ-тың территориясы әжептәуір ұлғайды. 1803 ж. АҚШ Батыс Луизиананы, 1819 ж. Флориданы, 1867 ж. Алясканы қосып алды. 1823 ж. Монро доктринасы жарияланып, мұнда Америка және Еуропа бір-бірінің ішкі істеріне араласпауға тиісті деп көрсетілді. 1809 ж. елге құл әкелуге тыйым салынды. Алайда бұл іс жасырын түрде жалғаса берді. 1790 ж. АҚШ-та 760 мың зәңгі құл болса, 1860 ж. олар 4 млн-ға жетті. Ауыр езгіге және қорлауға шыдамаған құлдар көтерілістер жасады, солтүстікке қашты. Солтүстікте бірқатар штаттарда құлдық жойылды.
I-дүниежүзілік соғыста АҚШ Антанта жағында болды. Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Франклин Рузвельт әкімшілігінің реформалары АҚШ тарихында ерекше орын алды. «Жаңа бағыт» деп аталған осы реформалар елді ауыр экономикалық дағдарыстан шығарды және қоғамның демократиялық үлгісін қалыптастырды. Рузвельт сыртқы саясатта да өзгеріс жасады. Латын Америкасында «тату көршілік», Еуропада «оқшаулану», Азияда «ашық есіктер» саясатын жүргізді.
II-дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ фашизмге қарсы мемлекеттер одағын құруға белсене қатысып, Тынық мұхитта, Еуропада, Африкада соғыс қимылдарын жүргізді. Соғысқа 1941 ж. 7 желтоқсанда кірісіп, 1945 ж. 2 қыркүйекте аяқтады. Соғыстан кейін АҚШ, КСРО бөлек-бөлек әскери-саяси одақтар құрып, дүние жүзін екі лагерьге бөлуді іске асырды. Осы «қырғи-қабақ соғыс» 80-жылдардың ортасына дейін созылды.
Қысқаша хронологиялық кесте thumb|right|300x300px|АҚШ-тың территориялық өсуі, (1810-1900 жылдары) XVI ғасыр — Христофор Колумб Американы ашқаннан кейін еуропалықтар Солтүстік Америкаға көшіп келе бастады. Олар осы құрлықтың негізгі халқы — үндістерді аяусыз қырғынға ұшыратты. Тірі қалған үндістер түк шықпайтын тақыр жерлерге — резервацияларға ығыстырылды.
XVII ғасыр — негізінен Ұлыбританиядан көшіп келгендер Атлантика жағалауында өздеріне тұрақ салды — отар деп аталды. 18 ғ. аяғында 13 отар ағылшын үстемдігінен құтылып, тәуелсіз мемлекет — Америка Құрама Штаттары құрылды. Америка жалауының сол жақ жоғары бұрышындағы көк төрт бұрышқа салынған 50 ақ жұлдызша АҚШ-тың қазіргі күндегі штаттарының санына сай келеді.
1776 — АҚШ тәуелсіздік декларациясы жарияланады
1812—1815 — Ағылшын-америка соғысы
1819 — АҚШ Флорида штатын 5 млн. долларға сатып алады.
1846—1849 — АҚШ–Мексика соғысы
1861—1865 — Америкадағы азамат соғысы
1867 — Ресейден Аляска штатын сатып алады
1917 — АҚШ Бірінші дүниежүзілік соғысқа кіріп, Антанта одағына қосылады
1941 — Перл-Харбор инциденті. АҚШ Екінші дүниежүзілік соғысқа кіреді
1945 — Хиросима мен Нагасаки атомдық шабуылы
1950—1953 — Корей соғысы
1962 — Кариб дағдарысы.
1964—1973 — Вьетнам соғысы
1969 — Ғарышкер Нил Олден Армстронг айға қонады
1991 — Бірінші Ирак соғысы
2001 — 11 қыркүйектің трагедиясы
2003 — Екінші Ирак соғысы
Қазақстан егемендік алғаннан кейін АҚШ-пен дипломатиялық қатынастар орнатылды.
Мемлекеттік құрылысы
нобай|mini|right|АҚШ Конгресі нобай|right|Өкілдер Палатасы 1787 жылы қабылданған АҚШ конституциясы бойынша мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгілі бір өкілеттіктері АҚШ федералды үкіметіне беріледі. Конституция бойынша федералды үкіметке берілмеген мемлекеттік өкілеттіктерді Америка Құрама Штаттарының штаттары жүзеге асырады.
АҚШ конституциясында федералды үкімет бір-біріне тәуелсіз әрекет ететін заң шығарушы, атқарушы және сот органдарынан тұратын билікті бөлу принципі бар.
Жоғарғы заң шығарушы органы — АҚШ-тың қос палаталы Конгресі: төменгі палата — Өкілдер Палатасы; жоғарғы палата — Сенат. Ең жоғары атқарушы билік — АҚШ президенті. Президент — мемлекет басшысы, қарулы күштердің бас қолбасшысы (АҚШ президенттерінің тізімін қараңыз). Вице-президент лауазымы да бар. Сот билігінің жоғарғы органы — АҚШ Жоғарғы Соты. АҚШ-да екі бас партия бар: Республикалық және Демократиялық. Басқа да көптеген, кішігірім партиялар бар.
Сыртқы саясаты
АҚШ-тың сыртқы саясаты екі негізгі мақсатқа қол жеткізуге бағытталған — мемлекеттің және оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ел азаматтарының әл-ауқатын қамтамасыз ету.
Әкімшілік құрылысы Әкімшілік жағынан 50 штаттан (бірімен-бірі шектесіп жатқан 48 штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавайи штаты) және Колумбия федерациялық аймағынан тұрады. Штаттар 3133 аймаққа (немесе соған сай келетін әкімшілік бөліктерге) бөлінеді.
thumb|800px|center|Штаттар
Айдахо border|33x22px Айова border|33x22px Алабама border|33x22px Аляска border|33x22px Аризона border|33x22px Арканзас border|33x22px Вайоминг border|33x22px Вашингтон border|33x22px Вермонт border|33x22px Вирджиния border|33x22px Висконсин border|33x22px Гавайи border|33x22px Делавэр border|33x22px Джорджия border|33x22pxБатыс Вирджиния border|33x22px Иллинойс border|33x22px Индиана border|33x22px Калифорния border|33x22px Канзас border|33x22px Кентукки border|33x22px Колорадо border|33x22px Коннектикут border|33x22px Луизиана border|33x22px Массачусетс border|33x22px Миннесота border|33x22px Миссисипи border|33x22px Миссури border|33x22px Мичиган border|33x22px Монтана border|33x22px Мэн border|33x22px Мэриленд border|33x22px Небраска border|33x22px Невада border|33x22px Нью-Гэмпшир border|33x22pxНью-Джерси border|33x22px Нью-Йорк border|33x22px Нью-Мексико border|33x22px Огайо 33x22px Оклахома border|33x22px Орегон border|33x22px Пенсильвания border|33x22pxРод-Айленд border|33x22pxСолтүстік Дакота border|33x22pxСолтүстік Каролина border|33x22px Теннесси border|33x22px Техас border|33x22px Флорида border|33x22pxОңтүстік Дакота border|33x22pxОңтүстік Каролина border|33x22px Юта border|33x22px
Экономикасы thumb|left|456x456px|АҚШ-тың адам басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім (2011 жыл) Халықаралық валюта қоры мәліметтері бойынша АҚШ $22,7 триллион ЖПӨ нарықтық валюта бағамы бойынша жалпы әлемдік өнімнің 24%-ын құрайды және сатып алу қабілеті паритеті бойынша жалпы әлемдік өнімнің 16%-дан астам болған. 2021 жылдың қазан айында, АҚШ-тың мемлекеттік қарызы $28,2 триллион құрған.
Құрама Штаттары - ең ірі тауарлардың импорттаушы және екінші ең ірі экспорттаушы, бірақ жан басына шаққанда экспорт мөлшерлемесі төмен. АҚШ-тың ең ірі импорт-экспорт партнерлері: Канада, Қытай, Мексика, Жапония және Еуропа одағы.
Штаттардың жер қойнауы отын-энергетикалық шикізаттарға, темір, түсті металл қазбаларына, табиғи күкіртке, уран шикізаттарына, фосфориттерге, калий тұздарына, т.б. пайдалы кендерге бай.
АҚШ өнеркәсібі – бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған.
АҚШ-тың ауыл шаруашылығында механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп, қант қызылшасы, мақта жатады. Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған.
Халқы