Сатыбалды Дауымов (15 қаңтар 1935 жылы туған, Бөкей ордасы ауданы) — ақын, журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (1990), Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.

Өмірбаяны 1953 ж. Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Азғыр орта мектебін бітірген. 1959 ж. ҚазМУ-дің филология факультетін бітірді. 1959-95 ж. Қазақстанның ауыл шаруашылығы журналында тілші, бөлім меңгерушісі Еңбек таңы журналында бас редактор. Шығармашылығы Жалын ғұмыр (А., 1990) атты өлең жинағы «Тауқыметті тағдыр» (А., 2000) атты деректі-эссе кітабы шықты. Бөкей ордасының тарихы, танымал тұлғалары туралы көптеген танымдық мақалалар мен очерктердің авторы.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8 Алғашқы өлеңдер топтамасы "Жайық жырлары" деген тақырыппен 1955 ж. Батыс Қазақстан облысы "Екпінді құрылыс" газетінде жарияланған. "Сатыбалды" (өлеңдер мен поэмалар) "Сонау бір тұрған Нарында" кітаптары жарық көрген. "Ғасыр, саған айтам" "Елестер мен белестер" "Аспан асты, жер үсті" поэмалары, зерттеу мақалалары, очерктері әр түрлі мерзімдік ба­сылым беттерінде жарияланды. Марапаттары Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен медальдармен марапатталған.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:15 қаңтарда туғандар Санат:1935 жылы туғандар Санат:Бөкей ордасы ауданында туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері