Ыбырай Жақаев ауылы (1997 жылға дейін — Қызылту) — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Иіркөл ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Шиелі ауылынан батысқа қарай 5 км жерде, Сырдарияның оң саласы - Шиелі өзенінің жағалауындағы жусан, сораң, ши өскен құмдақты шалғынды сортаң топырақты шөлді белдемде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1978 адам (993 ер адам және 985 әйел адам) болса, 2009 жылы 2069 адамды (1028 ер адам және 1041 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Тарихы Ауыл 1928 жылдан “Қызылту” деп аталды, ал 1997 жылдан екі мәрте Социалистік еңбек ері - Ы. Жақаевтың есімімен аталады. Іргесі 1928 жылы “Қызылту” күріш өсіру ұжымшары ретінде қаланды. Ұжымшар негізінде ауылда және округке қарасты Байсын, Жансейіт ауылдарында 1 жауапкершілігі шектелген серіктестік, 38 шаруа қожалықтары құрылған. Ауылдарда 1 орта, 1 орталау және 1 бастауыш мектеп, мәдениет үйі (1), клуб (2), фельдшерлік-акушерлік (2) және фельдшерлік пункттер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Шиелі ауданы елді мекендері